oC

“Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің 109 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.05.2022 жылы "Балалар жылы" іс-шаралар жоспарына сәйкес  “Туған жерге туыңды тік” тақырыбында мектеп ұжымының ұйымдастыруымен кеш өткізілді. Кеш қонағы: XXl ғасырда сәулет өнерінде ерекше қолтаңбасын қалдырған, ауылымыздың перзенті,мектебіміздің түлегі, Ресей архитектурасының қара нары, сәулет өнерінің аңыз адамына айнала білген Күзембаев Тотан Байдүйсенұлы болды. Кешке ауыл әкімі Ахметов Данияр Ертайұлы және Тотан Байдүйсенұлының сыныптас достары, мектеп ұстаздары, оқушылар қатысып қадірлі қонағымызбен еркін форматта сұхббаттасып, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, керемет кештің куәгері болды. Кеш соңында мектеп басшысы Алмағанбетов Бақытбек Әзілханұлы кеш қонағына алғысын білдіріп, арнайы мектеп ұжымы атынан құттықтауын табыстады. Кеш қонағы Тотан Байдүйсенұлы жас шәкірттерге өзінің ақ батасын беріп, болашақта елдің азаматтары болуына және ауылымызың атын әлемдік деңгейде танытуға тілекші екенін білдірді.

#балаларжылы, #109мектеп