"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
№109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларынан құралған "Жайдарманшылар" командасы аудандық QADAM Жастар орталығы ұйымдастырған аудандық жайдарманның 1/4 ойындарына белсене қатысып,үздік ойын көрсетіп,финалға жолдаманы жеңіп алды. Жетекшілері: мектеп тәлімгері Б.Муртазалиева, машықтанушы Ә.Жақсылық. Жайдарманшыларымызға финалдық ойында да сәттілік тілейміз.

