oC

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Қазақ әуел бастан  Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын білеміз.

 Міне осы мақсатта  «Қызылорда обылысы білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ауласында бұрынғы жылдардан 351 түп ағаш отырығызылған болса,былтырғы жылы 282 түп  ағаш және 12  түп жеміс ағашы ,ал биыл 105 түп ағаш көшеті  отырғызылды. Барлығы -750 түп ағаш мектеп ауласында жайқалып өсуде. Ағаштарды егіп қана қоймай, оларды қалыпты жағдайға жеткенге дейін кемінде  жыл бойы толықтыру, күтім, қорғау жұмыстарын орындап,осы ағаштардың  әрқайсысына қарап, баптап күту бағбан  Байзақов Жайнарбек Тәбәрұлының еңбегі десе  болады. Жайнарбек өз ісінің маманы, сонымен қатар мектеп ауласын айналдыра отырғызған әсем гүлдері де мектеп маңының ауасын тазартып, сәнін келтіріп  тұрады.