"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.11.2024 жылы түске дейінгі І ауысым сыныптарында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 15 қараша - ұлттық валютамыз теңге күніне орай тәрбие, сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттар тарихы жайлы түсінік беру. Теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау. Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгеміздің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлін көрсету. Сабақ оқушылардың ел тарихына деген құрметтерін арттырып, қаржылық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған.

