"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қараша айында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберінде "Театр" жобасы және "Бала құқығын қорғау" айлығының жоспары бойынша 5 а сыныбының оқушылары жазушы Б. Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасынан сахналық қойылым қойды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға,оқыған кітабының мазмұнын білуге және сол бойынша рөлдерді сомдауға баулу. Театр мәдениетін ұғындыру, эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жетекшілері: Т. Берікбаева, Г. Ешниязова, А. Шынберген.

