oC

"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.11.2024 жылы мектеп парламенті президентін ұлықтау рәсімі болып өтті. Іс - шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер,оқушылар қатысты. Ұлықтау рәсімінде мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып сайланған 9 сынып оқушысы Әбиева Гүлжайна салтанатты түрде ант берді. Жаңадан жасақталған фракция жетекшілері,министрлер кабинеті мүшелері алдағы жұмыс жоспарлары,мақсаттарымен бөлісті. Мұғалімдер,оқушылар жаңадан сайланған президентке,министрлер кабинетіне сенім білдіріп,сәттілік тіледі.