"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 14. 11. 2024 жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “Қаныш Сәтбаев алғашқы академик” тақырыбында кең көлемді іс - шара болып өтті. Кітапханашы Гүлназ Ешниязова мен машықтанушы Арайлым Шынбергеннің ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларына аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ҚР ұлттық ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы Қаныш Сәтбаевтың өмір жолымен және ғылыми еңбек жолындағы жетістіктермен таныстырылды.

