oC
"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Бала құқықтары туралы конвенциясы қабылданғанына 35 жыл толуына орай, кезекшілік кестеге сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау мақсатында мектеп мұғалімдері бірлесіп, кешкі рейдтік шара ұйымдастыруда.
Рейдтік шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын - сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың аумақтары қадағаланды.