"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №109 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, әрбір жаңа аптаның дүйсенбісі күні оқушылар жиыны өткізіледі. Жиын барысында өткен аптада атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жақсы жетістіктерімен көзге түсіп, іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталады. Жаңа аптада атқарылатын жұмыстардың жоспары таныстырылады.

